БҚО-да «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ бизнес субъектісіне кедергі келтірген
Антикордың ұсынысымен шартқа өзгерістер енгізіліп, негізсіз шектеулер алынып тасталды
БҚО-да «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ бизнес субъектісіне кедергі келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ филиалының әрекеттеріне қатысты шағымданды.
Филиал газдың орташа тәуліктік тұтынуы нормадан 5%-ға асқан жағдайда тарифті 20-дан 50%-ға дейін (маусым бойынша) арттыру түріндегі шектеулерді шартқа негізсіз енгізген болатын. Сондай-ақ монополист өзіне газдың артық шығыны кезінде оның берілуін біржақты шектеу құқығын берді, – делінген Антикор хабарламасында.
Бұл ретте заң бойынша мұндай шектеулер өнеркәсіптік кәсіпорындарға ғана қолданылады, ал өтініш беруші оларға жатпайды.
Департаменттің ұсынысымен шартқа өзгерістер енгізіліп, негізсіз шектеулер алынып тасталды.