Halyq Uni логотип
×

Елордада 3 жастағы қызды құтқарған үшінші жігіт табылды (ВИДЕО)

Дәл сол күні ол сессияға асығып бара жатқан

Елордада 3 жастағы қызды құтқарған үшінші жігіт табылды (ВИДЕО)
коллаж: Halyq Uni

Нұр-Сұлтанда 3 жастағы бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит, Сағи есімді азаматтардың ерлігіне көпшілік куә. Қазір қыздың амандығына себепкер болған үшінші азаматтың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Бұл туралы Instagram желісінде Батыр есімді блогер жазды. 

Үш жастағы қызды құтқарған үшінші жігіттің есімі - Нұрайдын. 2003 жылғы. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Қазір Қарағанды университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінде 2-курста оқиды. Айтуынша, Нұрайдын астанада ағасының үйінде тұрады. Дәл сол күні ол сессияға асығып бара жатқан.

Бірақ, сол сәтте Сағидың қасында терезені тіреп тұрған осы Нұрайдын болған екен. Сағи өзі де соңғы видеода қасымызда тағы бір жігіт болған дейді. Таптық. Қарапайым жігіт. Студент. Өзім түсемін деген жоқ. Өзім түсірейін дедім. Осындай жігіттерді ел біліп жүрсін дедім. Ата-анасы да қуанып жүрсін. Жарайсың, Нұрайдын! Бұл жігітке медаль, ешнәрсе керек емес! Ерекше құрметтің де керегі жоқ! Тек ел білсін деп көрсеттім, - деп жазды блогер.  

Еске сала кетсек, 11 мамыр күні елордадағы Қамал тұрғын үй кешенінің 8-қабатында салбырап тұрған кішкентай қызды астанаға жұмыс істеуге келген қызылордалық жігіттер құтқарып қалған болатын. Олардың ерлігі еленіп, пәтер беріліп, сондай-ақ Сәбит пен Сағи «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама