Шымкентте кәсіпкерге негізсіз кедергі келтірген әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды

Динара Амантай

ЖШС шотына 11 млн теңге көлеміндегі шартты қамтамасыз ету сомасы қайтарылды

Фото: Halyq Uni

Шымкентте кәсіпкерге негізсіз кедергі келтіргені үшін әкімдік қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне наразы жергілікті кәсіпкер жүгінген.

Шенеуніктер бірнеше ай бойы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы соманы қайтаруды негізсіз кешіктірген. Департаменттің араласуынан кейін жауапты мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар расталып, тиісті тұлғалар жазаланды, – делінген Антикор хабарламасында.

ЖШС шотына 11 млн теңге көлеміндегі шартты қамтамасыз ету сомасы қайтарылды.