Өңірде теологтар ағарту жұмысымен айналысып жатыр
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қазір өңірде діни ахуал тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ОКҚ-де баспасөз мәслихатында журналистердің бірі облыс әкіміне «Сіз Сирияға аттанған теріс діни ағымдағы азаматтардың көбі Сәтбев қаласынан кеткенін айтыңыз. Өңірдегі діни ахуал жайлы айтсаңыз. Сириядан оралғандар бейімделді ме? Өңірде әлі радикалды ошақтар бар ма?» деген сұрақ қойды.
Облыс басшысы бұл мәселе бақылауда екенін, теріс ағымның жетегінде кеткен азаматтар бүгінде дәстүрлі дінді ұстанып жүргенін жеткізді.
Облыста теологтар, дін басқармасының өкілдері ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көптеген іс-шара өтеді. Ахуал тұрақты деуге болады.
Неге бұлай болды? Себебін айта алмаймын. Арнайы органдар бақылау жұмысын жүргізіп жатыр. Бізге берген ақпараты бойынша қазір ахуал тұрақты. Барлық тұрғын ресми дін жолында деп айтуға болады. Құдайға шүкір, өз ұстанымында жүрсе де қоғамның тәртібін қабылдап, заң бұзып жатқан жоқ, - деді обыл әкімі.
Еске салайық, 2013–2015 жылдары кейбір қазақстандықтар ДАИШ-ті (ИГИЛ – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) қолдап, Сирияға аттанды. Ашық дереккөздерде Сирия асқандардың басым көпшілігі қазіргі Ұлытау облысынан екені жазылған.
Сириядан Қазақстан азаматтарын қайтару бойынша 5 рет «Жусан» операциясы, Ирактағы жерлестерімізді әкелу үшін «Русафа» операциясы өткізілді:
Ұлттық қауіпсіздің комитетінің мәліметінше, «Жусан» операция барысында 600 қазақстандық эвакуацияланды. Оның ішінде балалар – 431, жетім балалар – 34.