Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында діни әдебиетті заңсыз сатудың жолы кесілді

Тәркіленген кітаптар дін істері басқармасына сараптамаға жіберілді

 Динара Амантай 20.11.2023 | 13:08
Түркістан облысында діни әдебиетті заңсыз сатудың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Түркістан полицейлері діни әдебиетті заңсыз сату фактісінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында діни әдебиеттерді тиісті рұқсатсыз, яғни заңсыз сату фактісін анықтады.

Полицейлер облыс орталығы базарларының бірінде діни сипаттағы 13 кітапты тиісті рұқсатсыз сату дерегін айқындады. Тәркіленген әдебиеттерді Түркістан қаласының дін істері басқармасына сараптамаға жіберді, – делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармақшасымен («Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама