Интернет-алаяқтар арам ойын іске асыру үшін көптеген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады
Интернет-алаяқтар шымкенттіктерге 720 млн теңге шығын келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жыл басынан бері қала аумағында 786 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Жергілікті тұрғындарға келтірілген жалпы шығын көлемі – 720 млн теңге. Азаматтарға интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, аталған қылмыс саны азаяр емес. Осыған байланысты тұрғындарға алаяқтықтан сақ болуды ескертемін, – деді Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.
Тәртіп сақшысының айтуынша, интернет-алаяқтар арам ойын іске асыру үшін мына әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады:
Тағы бір айта кететін жайт, өз атыңызға ашылған банк карталарын бөтен азаматтарға сатпаңыздар және жалға бермеңіздер. Олар оны теріс пиғылын іске асыру үшін пайдаланады. Ал бұл жағдайда заң алдында сізге де, қылмыскерге де қатаң жаза қарастырылғанын еске саламын, – деді Арман Бейсенбаев.