Оларды ату жұмыстары бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізіледі
ШҚО-да жыртқыштардың санын азайту шарасы 2 жылдан бері қолға алынбай келеді. Осы уақыт ішінде олардың саны айтарлықтай артып отыр. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлады.
Жергілікті халық бұл мәселені Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтқан.
Қасқырлар малға шабуыл жасап, елді мекендер аумағына кіріп жүр. Олардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары да тіркелді. Қариялардың айтуынша, оларды ату жұмыстарын қазір, бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізу керек, - деп жазылған ақпаратта.
Бұл мәселені шешу үшін заңнама аясында аңшыларға қасқыр атуға рұқсат етілген лицензия берілуге тиіс.