Halyq Uni логотип
×

ШҚО-дағы науқастарға емделу үшін Астана мен Алматыға барудың қажеті жоқ – ДСМ

Медициналық мекемелер заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген

 Дәурен Ерболат 18.11.2023 | 11:31
ШҚО-дағы науқастарға емделу үшін Астана мен Алматыға барудың қажеті жоқ – ДСМ
Фото: altaynews.kz

Шығыс Қазақстандағы науқастарға емделу үшін Астана мен Алматыға барудың қажеті жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлады Altaynews.kz.

Өңірге жұмыс сапарымен келген министрдің орынбасары бірқатар медициналық мекемені аралады.

Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы бүкіл өңір тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Жыл сайын стационарда 10-11 мың пациент көмек алады. Диагностикалық орталыққа 250 мыңға жуық адам келеді, - деді аурухананың бас дәрігері Боран Бүркітов.

Мұнда мамандандырылған медициналық қызметтің 111 түрі көрсетіледі.

«Бізде білікті мамандар да, заманауи жабдықтар да жеткілікті. Үздік шетелдік клиникаларда біліктілікті арттыру курстарынан 30-ға жуық маман өтті. Сондықтан әлеуетіміз әлдеқайда жоғары деп айта аламын. Алайда барлық мәселе қаражатқа келіп тіреледі», - деді аталған аурухананың бас дәрігер.

Вячеслав Дудник облыс әкімдігі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Мұндағы науқастарға емделу үшін Астана немесе Алматыға барудың қажеті жоқ. Себебі, өңірдегі медициналық мекемелерде барлық жағдай жасалған. Шетелде білім алып келген дәрігерлер мен заманауи жабдықтар осыған дәлел бола алады, - деді вице-министр.

Бұған дейін ШҚО-да дәрігерлер 600 мың теңге жалақы алатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама