Баланы полиция мен еріктілер іздеп жатыр
Екібастұз қаласына қарасты ауылдардың бірінде кішкентай қыз жоғалып кетті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Vita іздеу ұйымының мәліметінше, 17 қарашада кешкі сағат 21:14-те төтенше жағдайлар бөліміне Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылында бала жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен.
7 жасар Милана Давыдова Бесқауға ауылдық мектебінің 3-сыныбында оқиды.
Еріктілердің айтуынша, сол күні сағат 16:00-де қыздың анасы оны балаларымен бірге әкесінің жұмысына ертіп алмақшы болған. Алайда Милана ұсыныстан бас тартып, үйде қалып қойған. Жоғалған қызды сағат 16:00-17:00 аралығында Бесқауға ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан №2 бөлімшенің жанынан байқаған. Онда 7 үй бар.
Кеше шұғыл түрде іздестіру шаралар ұйымдастырылды. 7 жасар баланы іздеуге ТЖД, полиция, жергілікті тұрғындар және Vita еріктілері шықты. Милана Давыдова әлі табылмады, – деп жазылған хабарламада.
Еріктілер қандай да бір ақпарат болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуды сұрайды:
Милана үйден сары күртеше киіп шыққан. Оның шашы ақшыл сары түсті.