×

Қонаев қаласында оқушы қызды зорлаған екі полицей қамауға алынды

Әріптестері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтады

 Еркеғали Болатұлы 17.11.2023 | 17:55
фото: Halyq Uni

Алматы облысында оқушы қызды зорлаған полицейлер қамауға алынды. Оларға кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты қылмыс жасады деген айып тағылған.

Қос полицейді өздерінің әріптестері ұстаған.

Биылғы 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді, - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылдары туған күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстаған. Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауқа алынды.

«Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетін болады. ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ведомство ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама