Halyq Uni логотип
×

Суды шектен тыс көп пайдаланатын шаруалар үшін тариф қымбаттайды

Министр шаруаларды суды үнемдеп пайдалануға шақырды

 Дәурен Ерболат 17.11.2023 | 16:23
Суды шектен тыс көп пайдаланатын шаруалар үшін тариф қымбаттайды
көрнекі фото: Қызылорда облысының әкімдігі

2024 жылдан бастап шаруалар үшін су тарифі қымбаттайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Министрлік құрылғаннан бері біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Бүгінде барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өткізілді.  Сондықтан су тарифі көтеріледі деп айта аламыз. Ең алдымен бұл суды үнемдеумен байланысты. Суды нормативтен тыс пайдалану жаңа тариф бойынша төленеді. 2024 жылғы 1 қаңтардан (судың жаңа тарифін) енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Нұржан Нұржігітов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министр су тарифінің өсуі қарапайым тұтынушыларға емес, шаруаларға қатысты екенін атап өтті.

Жоқ, бұл тұрғындар пайдаланатын су емес, ауыл шаруашылығына байланысты, - деп нақтылады ведомство басшысы.

Бүған дейін Су шаруашылығы мен гидротехникалық инженерия маманы Айгерім Кәрібай вегетация кезеңінде диқандар суармалы су тарифі мен тапшылығына қатысты көп шағымданатынын айтты.

Маман Қазақстанда суармалы судың тарифі барлық өңірде бірдей екенін айтып, оның дұрыс еместігін атап өтті. Оның айтуынша, әр өңірдің әкономикалық дамуына байланысты тариф те әртүрлі болуға тиіс.

Қазір елімізде 2 млн га астам суармалы жер бар. Сол жердің 1 млн астамы оңтүстік өңірлерде – Алматы, Жамбыл, Жетісу мен Түркістан облысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама