Бұл ретте молда оқушылардың діни сауатын үйде ашумен айналысқан
Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін ұрып-соққан.
Шымкентте жарты жыл бұрын оқушылардың денесі көгерген видеосы тарап, елді шошытты. Алайда балаларды көк ала қойдай етіп сабаған молда қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болатын. Себебі полиция таяқ жеген жеткіншектердің ата-аналары мен діни тәлімгер мәмілеге келгендіктен, істі тоқтатыпты.
Бұл ретте молда оқушылардың діни сауатын үйде ашумен айналысқан. Оның балаларға қол көтеріп, денелеріне зақым келтіргені анықталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жағдайдан кейін мешіттің ұстазын қызметінен босатты. Мүфтият өкілдері баланы ұрып оқытатындарды құптамайтындарын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында да намаз кезінде баланы қағып жіберген имамның жұмыстан босатылғанын жазған болатынбыз.