Батыс Қазақстан облысында Ауғанстанның азаматтары ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

Олар жақсы табыс табу үшін мемлекеттік шекарадан өтіп, Ресей арқылы Еуропа Одағы елдеріне барғысы келген

Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында заңсыз мигранттар ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бүгін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірігіп, мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпекші болған Ауғанстан елінің 4 азаматын ұстады.

Шетел азаматтарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне («Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара режимiн бұзу») сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы табыс табу үшін Еуропа Одағы елдеріне барғысы келген.