Есірткі қылмысы үшін халықаралық іздеуде жүрген күдікті елге жеткізілді
52 жастағы күдікті Түркияда ұсталды
Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында жүрген 52 жастағы қазақстандық ұсталды. Оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздеу жариялаған болатын.
Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, сондай-ақ оларды Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілді, – делінген полиция хабарламасында.
Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды.