Ақтауда клиника басшылығы қызметкерлеріне 76 млн теңге жалақыны бермеген
Прокуратура 300-ге жуық адамның құқығын қорғады
Ақтау қаласы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесімен «Сенім» медициналық клиникасы» ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, осы жылдың 2 айында 287 қызметкерге 76 млн теңгеден аса жалақы төленбеген.
Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген. Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, қызметкерлердің конституциялық құқығы қалпына келтірілген.