Ұлытау облысында әкімдік балабақшалардағы тамақтың бағасын негізсіз көтерген
Прокуратура 6,5 мың ата-ананың құқығын қорғады
Прокурорлар биыл Ұлытау облысының әкімдігі тарапынан Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда ата-ана төлемақысының негізсіз жоғары мөлшерін белгілегенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдікпен азық-түліктердің бөлшек бағалары негізге алынған. Алайда олардың көтерме бағалары – орта есеппен алғанда, 10-20% арзан. Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.