Атырауда мыңға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Атырауда мыңға жуық психотропты дәрі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 14 қарашада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көктем ықшам ауданына есірткі заттарын және дәрігердің тағайындауынсыз әсері ауыр дәрілік препараттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1979 жылы туған қала тұрғынын анықтаған.
Мекен-жай бойынша тексеру кезінде 996 дана түрлі әсері жоғары психотропты дәрілер, сондай-ақ 29 дана бекіре тұқымдас балықтары мен еш жерде тіркелмеген атыс қаруы және полиэтилен пакетке салынған өткір иісі бар өсімдік тәркіленді. Сот сараптамасы бойынша алынған заттардың кептірілген марихуана екені белгілі болды, – делінген полиция хабарламасында.
ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.