Саладағы жүйелі проблеманы шешу маңызды
2023 жылғы қаңтар-қырқүйекте Қазақстанда 16 мыңға жуыққа адамға құқықтық кеңес берілді. Бұл туралы Адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, тұрғындардан түсетін өтініштер саны артқан.
Биыл 9 айда орталық аппараттағы және өңірлердегі жеке қабылдауларға 1800-ден аса адам қатысты. 4,5 мыңға жуық жазбаша өтініш қаралды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе, 2021 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Небәрі 9 айда біз 16 мыңға жуық адамға құқықтық кеңес бердік, - деді Артур Ластаев Астанада өткен Адам құқығы жөніндегі уәкіл жанындағы сараптамалық кеңестің бірінші отырысында.
Сондай-ақ омбудсмен шағымдардың неге артқанын түсіндірді.
Біріншіден, мұны біз азаматтардың құқық қорғау саласындағы жаңа механизмнен хабардарлығының артуымен байланыстырамыз. Екіншіден, шағымдардың көбеюі қазақстандықтардың мемлекеттік органдардың жұмысына қанағаттанбауының көрсеткіші болып саналады. Сондықтан нақты мәселелерді шешуге көмектесіп қана қоймай, адам құқығы саласындағы жүйелі проблемалармен де жұмыс істеу қажет, - деді ол.
Отырыс барысында сараптамалық кеңестің 5 мамандандырылған бөлімі анықталды:
Айта кетейік, Адам құқығы жөніндегі уәкіл жанындағы сараптамалық кеңес – ерікті негізде жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық функциясы бар консультативті-кеңесші орган. Оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, заңгерлер, ғалымдар, зерттеушілер және басқа да белсенді азаматтар кіреді.