Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық әскери қызметшілердің көбі Ресейде білім алып жатыр

Оларға мемлекет тарапынан міндетті әлеуметтік көмек қарастырылған

 Дәурен Ерболат 16.11.2023 | 18:23
Қазақстандық әскери қызметшілердің көбі Ресейде білім алып жатыр
Фото: kazpravda.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутат Болат Керімбектің депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты шекарашылар тозған үйлерде тұрып жатқанын айтқан. Вице-премьер бұл мәселені шешу үшін бюджеттен қомақты ақша бөлінетінін жеткізді.

Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес отырысының хаттамасына сәйкес Ұлттық қордан 2024 жылға нысаналы трансферт, оның ішінде: шекара бөлімшелерін жобалауға және салуға – 24,2 млрд теңге, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін салуға және реконструкциялауға – 15,3 млрд теңге бөлу көзделген, - деп жазылған хатта.

Сондай-ақ Роман Скляр «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда әскери қызметшілерге бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй, медициналық, заттай және ақшалай қамтамасыз ету бөлігінде әлеуметтік кепілдік көзделгенін апат өтті.

Биыл 1 шілдеден бастап ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысы өскен.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары ҰҚК Шекара қызметінің мамандарын оқытуға ереше көңіл бөлінетінін жеткізді. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық әскери қызметшілердің басым бөлігі Ресейдегі әскери университеттерде оқып жатыр.

Биыл біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында 1300 әскери қызметші оқытудан өтті. Оның ішінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарында – 1243 адам (ҰҚК Щекара қызметі академиясы – 861, ҰҚК академиясы – 304, Ұлттық қорғаныс университеті – 4, өзге де жоғары оқу орындары – 74). Шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында – 57 әскери қызметші (Түркия – 21, Ресей Федерациясы – 20, Беларусь – 7, АҚШ – 6, Тәжікстан – 2, Грузия – 1). Бұдан басқа, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында 261 әскери қызметші оқиды (Ресей Федерациясы – 255, Түркия – 6), - деп жазылған хатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама