Halyq Uni логотип
×

«9-20-25» бағдарламасының шарттары қашан белгілі болатыны айтылды

Жаңа ипотекалық бағдарлама жас отбасыларға негізделеді

 Дәурен Ерболат 16.11.2023 | 14:01
«9-20-25» бағдарламасының шарттары қашан белгілі болатыны айтылды
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда «9-20-25» ипотекалық бағдарламасына қатысу шарттары 2024 жылы белгілі болады. Бұл туралы «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Банк төрайымы Қазақстанда баспана мәселесі әлі күнге дейін өзекті екеніне тоқталды.

«Соңғы кездері жас отбасылар бізге жиі хабарласып, «Бір баламыз бар, өмірлік жолымызды енді бастап жатырмыз. Бірақ бізде баспана жоқ. Біз мемлекеттік қызметкерлер де емеспіз, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істемейміз. Біз осы санат бойынша баспана кезегіне тұра алмаймыз» дейді. Оларды ойлап және Қазақстанның 20 млн-шы тұрғының дүниеге келуіне байланысты біз осы бағдарламаны (9-20-25) әзірлегіміз келеді. Ипотека мөлшерлемесі сәл жоғары болады. Себебі, бағдарламаға қаржы нарықтан тартылады. (Бағдарламаның) барлық талабы мен барлық механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады», - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Halyq Uni тілшісі қолданыстағы ипотекалық бағдарламаға шолу жасап, мемлекеттік жаңа бағдарламаның қаншалықты қажет екеніне жауап іздеп көрді.

Бұған дейін 2018 жылы іс қосылған 7-20-25 бағдарламасы 2023 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрды. 2023 жылы да жалғасты, алайда ипотека беруге бірқатар өзгеріс енгізілді. Мәселен, бағдарлама бойынша жылына 100 млрд теңге ғана бөлініп, ол 12 айға бөлінді. Содан кейін ипотека рәсімдеуге қатысты мәселе туындай бастады. Баспаналы болғысы келіп жүргендер «бөлінген шектік сома таусылды» деген жауап ала бастады. 

7-20-25 бағдарламасының операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама