×

Параолимпиада спортшысына жарыстарға қатысу үшін арнайы арба табысталды

Сонымен қатар 100 мың теңге ақшалай сертификат берілді

 Халық үні 16.11.2023 | 10:27
Фото: Абай обл. әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында параолимпиадалық спорт түрі – боччадан халықаралық жарысқа қатысу үшін іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлады Halyq Uni.

Абай облысы атынан тұңғыш рет жарысқа Үржар ауданының тұрғыны Балжан Бөлекбаева қатысады. Спортшының жаттықтырушылары – Дулат Ғабитов және Бағлан Манабаев.

Жарысқа қатысу үшін оған арнайы спорттық арба, сонымен қатар 100 мың теңге ақшалай сертификат берілді. Әлеуметтік сала қызметкерлері де демеушілердің қолдауымен іссапар шығындарын өтеуге қаржылай көмек көрсетті.

Анықтама үшін: Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында мүмкіндігі шектеулі балаларға және психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 2 бөлімшесі жұмыс істейді, яғни 162 мүгедек жанға қызмет көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама