Halyq Uni логотип
×

Үш қалада радикалды діни топ мүшелері ұсталды

Экстремистік топтың 12 мүшесі ұсталды

 Динара Амантай 15.11.2023 | 17:25
Үш қалада радикалды діни топ мүшелері ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтарын бейтараптандырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу күдігімен оның 12 мүшесі бір мезгілде ұсталды.

Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан. Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар айқындалды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Топтың бірқатар мүшесі – полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама