Жұлдыз Сүлейменова ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады
Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаттары әйел мен балаға қол көтергендерді қылмыстық жазаға тартуды ұсынды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жұлдыз Сүлейменова депутаттық сауалын ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловқа жолдады. Оның пікірінше, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікке ілінуі қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі өзекті екенін көрсеткен.
«Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған – өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр жайлы ақпарат қоғамды дүрбелеңге түсірді. Осы оқиғадан кейін Талдықорғанда полиция басқармасының басшысы қыз зорлады деген ақпарат тарады. Бұл да есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. Бұл фактілер – ауыр қылмыстар зорлық-зомбылық мәселесіне қайта назарымызды салып отыр.
Депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын заңнамаға бірнеше қатаң өзгеріс енгізілген. Оның ішінде, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталынып, енді сотта татуласу мүмкіндігі жоқ. Бірақ сол өзгерістердің өзі отбасындағы әйелдерді қорлауға қажетті деңгейде тоқтау салмай отырғандығы қынжылтады. Соның салдарынан жүздеген қазақстандық әйел өмірінен, денсаулығынан және болашаққа деген үмітінен айырылып отыр», - деді депутат.
Депутаттың дерегінше, 2021 жылы үйде болған зорлық-зомбылық істерінің тек 40 пайызы сотқа жеткен.
Ал ондай абьюзерлердің көбіне кешірім беріліп, босатыған. Олардың тек 39 пайызы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған.
Отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жанайқайын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз.
Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін – алдымен елімізде құндылықтарға негізделген мәдениетті қалыптастыру, идеологияны жетілдіру, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңды күшейту және оның дұрыс орындалуын жүзеге асыруымыз қажет, - деді ол.
Депутаттың айтуынша, AMANAT партиясы тарапынан заңды күшейтуге, сондай-ақ аталған мәселелерді шешу үшін әрдайым нақты қадамдар жасалғанын атап өтті. Бірақ Үкімет заңды қолдамай отыр-мыс.
«Қыркүйектің басында балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында, AMANAT фракциясының депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне» арналған заң жобасын тез арада әзірледі.
Үкіметтік емес ұйымдар, белсенді сарапшылар, мемлекеттік органдармен бірлескен кеңейтілген фракция отырысында заң жан-жақты талқыланып, пысықталды.
Ең бастысы, заң жобасында зорлық-зомбылық қылмыстық іс болып танылады, педофилдерді өмірбақи бас бостандығынан айырылады, жауапкершілік пен жаза күшейтіледі. Бұл құжат әйелдер мен балаларды қорғауға жоғары жауапкершілік және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларына қатаң әрекет ету тетіктерін қарастырады.
Дегенмен, мүдделі «қыңыр топтардың» араласуымен аталған заң тұжырымдасындағы нормаларды Үкімет қолдамай отыр», - деді депутат.
Жұлдыз Сүлейменова белгісіз себептермен заң жобасы әлі Мәжіліске жетпегенін атап өтті.
Өзіміз жасаған, әйелдер мен балаларды нақты қорғайтын заң жобасына қажет қорытындыны Үкімет созып отыр. Сонда тағы да қаншама әйелдердің тағдырын сынғанын күтеміз бе?!, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутатары төмендегідей талап қойды: