Алаяқтың шетелдік көлікті заңдастыратынына сенген ақтаулықтар 7,7 млн теңгеден айырылды
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Ақтауда шетелдік көлікті заңдастыруға уәде берген алаяқ тұрғындарды алдап, 7,7 млн теңгесін жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық ПБ-ға 5 тұрғыннан арыз түскен. Олардың айтуынша, Е. есімді азамат олардың шетелдік автокөліктерін заңдастырып беремін деп сенімдеріне кіріп, ақшаларын алып, берген уәдесінде тұрмаған. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын – 7,7 млн теңге.
Полиция қызметкерлері 27 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.