Әкелер институтын дамыту министрліктің тұрақты назарында – Евгений Кочетов
Астанада әкелер форумы өтіп жатыр
2023 жылғы 15 қарашада Астанада «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында VIII Республикалық әкелер форумы өтті.
Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Әкелер одағы» РҚБ делегаттары қатысты.
Форумның мақсаты әкелер институтын дамыту, отбасылық құндылықтар және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында жаңа тәсілдерді насихаттау және қалыптастыру.
Әкелер институтын қолдау мен оны дамыту министрліктің тұрақты назарында. Республикалық, облыстық, қалалық маңызы бар әкелердің жыл сайынғы форумдары, әкелер апталығын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Балаларымыз лайықты азамат болып өсіп, ұлт болашағы жарқын болуы үшін ұрпақ тәрбиесіне бүгіннен ерекше көңіл бөлу қажет, - деді мәдениет және вице-министрі Евгений Кочетов.
Іс-шарада «Орталық Азияның ер-азаматтары» кітабының тұсаукесері өткізілді.
Аталған кітап Орталық Азиядағы ер адамдар туралы әңгімелер жинағы болып табылады. Авторлар кітаптың кейіпкерлері арқылы ер азаматтарға тән қасиеттері мен әке болудың әртүрлі қырларын, сондай-ақ қазіргі заманғы Орталық Азиядағы отбасы мен қоғамдағы ер адамның рөлін көрсетеді. Бұл жинақ БҰҰ халық қоныстану саласындағы қоры (ЮНФПА) шығарған «Ерлерге арналған нұсқаулық. Саналы әке қандай болу керек» атты нұсқаулығына бейімделіп жасалған.
Форум аясында адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптеу, салауатты өмір салтын ұстану, отбасының заманауи бейнесін қалыптастырудағы бақ-тың орны, ерекше бала тәрбиелеудегі әкенің, отбасының рөлі, баланың бойындағы қабілеттерді арттыру тақырыптары талқыланды және әрқайсысына жеке сессиялар арналды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша әкелер институтын дамыту және осы саладағы қордаланған мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар мен сарапшылар пікірлерінің жиынтығы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға орындау үшін жолданады.
Айта кетерлігі, VII Республикалық Әкелер форумының нәтижесі бойынша елімізде маусымның үшінші жексенбісі Әкелер күні болып бекітілді.