×

Бүгін Газа секторынан 92 қазақстандық эвакуацияланды

Қалғандарын шығару үшін Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен жұмыс жүргізіледі

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2023 | 11:19
фото: дереккөз

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аясында «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Қазақстанның 92 азаматы мен олардың отбасы мүшелері Мысыр аумағына өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін барлығы бір тізбекпен Каир қаласына шықты.

Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады, - дейді министрлік мамандары.

Газа секторынан шыққан қазақстандықтар Каирге аман-есен жеткеннен кейін оларға эвакуациялық борт жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама