×

Ринат Зайытов шенеуніктердің баласын әскерге жіберуді міндеттеуді ұсынды

Депутаттың сауалына Қорғаныс министрі жауап берді

 Дәурен Ерболат 15.11.2023 | 11:07
Ринат Зайытов, фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов заңда шенеуніктер мен олардың баласын әскерге баруды міндеттеу туралы арнайы норма әзірлеуді ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырыста «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.

«Әріптесім, депутат Жигули Дайрабаев «Бұл отанды біз қорғамасақ, басқа кім қорғайды» деп өте жақсы сөз айтты. Сіз статистикаңызда (әскерге) 90% ауыл жастары келеді деп айттыңыз. Мен осы уақытқа дейін қателесуім де мүмкін, бірақ «министрдің баласы, әкімнің баласы әскерде жүр» дегенді естімеймін. Осы заңның аясында жоғары лауазымды тұлғалардың не өздерін, не балаларын осы екі айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?», - деді депутат.

Руслан Жақсылықов сұраққа тағы орысша жауап беріп, депутат ұсынған норманы енгізудің қажеті жоқтығын айтты.

Патриоттық деген жария етілмейді. Бұрын Ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов екі жиенін әскерге өзі алып келді. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы мектеп бітірген соң десанттық-шабуылдау әскерінде борышын өтеп, қазір АҚШ-тағы әскери училищенің курсанты болып отыр. Бұл үлгі емес пе? Министр мен депуттардың ұлдарын бөлетін норманың қажеті жоқ. Заң бәріне ортақ, тек оны кім қалай орындағаны маңызды, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама