Halyq Uni логотип
×

Резервтегі адам әскери қызметші ме, әлде әскери міндетті ме?

Қорғаныс министрі депутаттың сауалына жауап берді

 Дәурен Ерболат 15.11.2023 | 10:55
Резервтегі адам әскери қызметші ме, әлде әскери міндетті ме?
көрнекі фото: liter.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа әскери міндеттілер мен қызметшілер жайлы қазақ тілінде сұрақ қойылды. Алайда министр қойылған сауалдың күрделі екенін айтып, орыс тілінде жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінгі отырыста «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынды.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Қорғаныс министріне «Резервтегі адам әскери қызметші жата ма, әлде әскери міндеттіге санала ма?» деген сұрақ қойды.

«Сіздер әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңға резервтегі әскери адам ұғымын енгізуді және оны резервтегі әскери қызмет өтетін әскери қызметші ретінде белгілеуді ұсынып отырсыздар. Сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы заңға түзетуге сәйкес, резервтегі адам резервте әскери келісімшарт өтуді жасасқан әскери міндетті. Мұндай әркелкілік резервтегі адам ұғымын екіжақты ұғымға алып келеді. Резервтегі адам әскери қызметші бола ма, әлде әскери міндетті бола ма?», - деді депутат.

Руслан Жақсылықов терминология күрделі екенін айтып, қазақша қойылған сұраққа орысша жауап берді.

Әскери міндетті – елдің кез келген азаматы. Белгілі бір уақытқа дейін. Әскери қызметтің шекті жасы 50 болса, офицерлердікі 60 жасқа дейін болады. Резервтегі әскери қызметші – Қазақстан Қарулы күштерімен резевте қызмет етуге келісім жасасқан азамат. Демек ол резервтегі әскери қызметші болып есептеледі. Оған заңның барлық нормасы жүреді, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама