×

Оқушылар сабақта суицидтік және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кірген

Оған жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 14.11.2023 | 16:50
Фото: Halyq Uni

Оқушылар информатика сабағында суицидтік және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдау нәтижесінде 425 мектептің оқушыларының информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды.

Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға кіруі анықталды. Бүгінде облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға қол жеткізуді шектегіштер орнатылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, прокурорлардың талап-арызы бойынша көрсетілген 8 интернет-ресурсты соттар заңсыз деп танып, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген.

Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама