Қарағандыда оқушы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен
Ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр
Қарағандыда оқушы өзінің сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ПБ-ға 39 жастағы әйел арызбен шағымданған. Ол белгісіз біреу өзінің 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аудару жөнінде хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Ол арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы болып шықты. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты.
Қазір мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.