Бишімбаев ісі: Астанадағы «Гастро орталық» директоры 2 айға қамалды
Бұған дейін Қуандық Бишімбаев 2 айға қамалды
Астанадағы «Гастро орталық» директоры 2 айға қамауға алынды. Ол экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты қамалды.
«Бау» мейрамханасындағы әйелдің қазасына байланысты «Гастро-орталық» директорына қатысты 2 айға қамау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаменті.
Ол қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша күдікке ілінген. Қылмысты жасыру көрсетілген бапта 6 жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 9 қарашада Астана мейрамханаларының бірінде болған жанжалдан кейін әйел адам қайтыс болды. Марқұм алған ауыр жарақат салдарынан көз жұмған.
Бұған дейін Астанада сот экс-министр Қуандық Бишімбаевты 2 айға қамауға санкция шығарды.
2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - делінген акпаратта.