Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында күдіктілер орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен

Көлемі мен келтірілген залал әзірге анықталып жатыр

 Динара Амантай 14.11.2023 | 09:15
Жетісу облысында күдіктілер орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында жол бойындағы орманнан мыңға жуық ағашты заңсыз кескен екі күдікті жауапқа тартылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек Ақсу ауданында тіркелген. Құқық қорғау органдары жаңа кесілген ағаш пен жүк тиелген тіркемесі бар жүк көлігін ұстады. Тексеру барысында Қызылағаш және Сағабүйен кенттері арасында ағаштардың заңсыз кесілгені анықталды.

Орман алқабында барлығы 1 мыңға жуық ағаш кесілген. Көлемі мен келтірілген залал әзірге анықталып жатыр. Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Ақсу ауданының полициясы.

Ағашты заңсыз кесу дерегі бойынша Талдықорған мен Алматыдан келген 38 және 28 жастағы екі тұрғын күдікке ілінді. Ұсталғандарға қатысты келу туралы міндеттеме процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама