×

«Кіргізбейміз қазақты!»: жайылым үшін боқтанған түркістандық өзбек кешірім сұрады (ВИДЕО)

Оқиға Төлеби ауданының Ханарық елді мекенінде болған

 Еркеғали Болатұлы 19.05.2022 | 12:32
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде жайлымға қатысты туындаған дау-дамайдың видеосы тарады. Онда көрсетілгендей, Түркістандағы өзбектер көршілес ауылдың малдарын өз ауылы маңына жолатпай әлек.

Көптің ішінде бір адамның өзбек тілінде қазақтарға тіл тигізіп, қатты сөйлеп жатқаны байқалады.

Видеоны жолдаған Ердәулет есімді оқырманымыздың айтуынша, оқиға Төлеби ауданының Ханарық елді мекенінде болған, - делінген Adyrna.kz Telegram арнасы таратқан ақпаратта.

Көп ұзамай, әлгі өзбек жігіт айтқан ауыр сөздері үшін барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

«Әлеуметтік желіде менің сөздерім тарап кетті. Басымды иіп тұрып, қазақ елінен, түркістандықтардан кешірім сұраймын. Бәріңіз кешіріңіздер мені! Осылай қате жолға шығып қалдым. Жерлестер, ауылдастар, жастар, үлкен кісілер, бәріңізден басымды иіп кешірім сұраймын!» - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама