Мекемеге қомақты айыппұл салынды
Дизель отынын сатуды негізсіз шектеген «Petrosun» ЖШС жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті биыл «Petrosun» ЖШС қолданыстағы шарттық қатынастары бар кәсіпкерлерге АИ-92 маркалы бензині мен дизель отыны саудасын негізсіз шектегенін анықтады.
Сондай-ақ «Petrosun» ЖШС-нің іс-әрекеттері жекелеген контрагенттермен шарттардың талаптарын бұзуға алып келді және олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтырды, – делінген БҚДА хабарламасында.
Осыған байланысты департамент қызметкерлерінің қорытындысы негізінде «Petrosun» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша 542,9 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.