Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Сан-Марино визасыз режимге қол қойды

Қос елдің азаматтары 90 күн визасыз жүре алады

 Дәурен Ерболат 13.11.2023 | 17:15
Қазақстан мен Сан-Марино визасыз режимге қол қойды
көрнекі фото: Depositphotos

Қазақстан мен Сан-Марино үкіметтері визасыз режимге қол қойды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«2023 жылғы 8 қарашада Сан-Марино қаласында Қазақстан үкіметі мен Сан-Марино үкіметі арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Құжатты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірлеп, оған Қазақстанның Сан-Маринодағы қоса атқарушы елшісі Ерболат Сембаев пен Сан-Мариноның Сыртқы істер, халықаралық-экономикалық ынтымақтастық және телекоммуникациялар жөніндегі мемлекеттік хатшысы Лука Бекхари қол қойды», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкіл екі ел арасындағы келісім талаптарын түсіндірді.

Аталған шартқа сәйкес, жол жүруге жарамды ұлттық, дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар Қазақстан мен Сан-Марино азаматтары туристік, іскерлік және басқа да мақсаттағы бірреттік немесе бірнеше рет іссапарға бару үшін әрбір 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге визалық талаптардан босатылады, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама