Өз кабинетінде қыз зорлаған полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды

Динара Амантай

Қылмыстық істі тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды

Фото: Halyq Uni

Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді.

ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі («Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді, – делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық істі тергеу ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Талдықорған қаласында полиция бөлімі бастығының өз кабинетінде қыз зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.