Halyq Uni логотип
×

«Аңсаған сәби»: 5 мыңнан аса сәби дүниеге келді

Ата-аналарға бала сүю бақыты бұйырды

 Дәурен Ерболат 13.11.2023 | 10:43
«Аңсаған сәби»: 5 мыңнан аса сәби дүниеге келді
Фото: Мария Ленц

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8 мың әйел жүкті болып, 5 мыңнан аса сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Аталған бағдарлама 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған. Осылайша, балалы болу бақыты бұйырмаған отбасыларға жаңа мүмкіндік берілді. Нәтижесінде ЭКҰ-ға квоталар саны 7 есе өсіп, 20 мыңнан аса әйел бағдарламаға ілікті.

Осы уақытқа дейін 8 мың әйел жүкті болып, 5 мыңнан аса сәби туды, - деді Вячеслав Дудник «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазір және болашақ» тақырыбында өткен XV халықаралық конгресте.

ДСМ штаттан тыс бас репродуктологы, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, бағдарлама ерлі-зайыптыларға үлкен үміт береді.

Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты аясында 7 мың тапсырысты орындаймыз. Бағдарлама аясында 21 мың тапсырысты өткізу арқылы одан да көп бала дүниеге келеді деп үміттене аламыз. Бұл – өте жоғары көрсеткіш! - деді ол.

Оның айтуынша, ЭКҰ-ға келген әйелдердің денсаулығы қырағы бақылауда болады.

«Әйелді ЭКҰ-ға апармас бұрын, аталған бағдарлама мен жүктіліктің өзі оның денсаулығына зиян тигізбейтініне сенімді болу керек. Бүгінде бұл – басты назарда», - деді дәрігер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама