Астана сотында футболдан әлем чемпионаты көрсетіліміне қатысты іс қаралды
ЖШС 345 мың теңге өтемақы төледі
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында авторлық құқыққа қатысты азаматтық іс қаралды.
Акционерлік қоғам берешекті өндіріп алу туралы ЖШС-ға талап қою бойынша жүгінген. Талап қоюшы екінші тараптың футболдан әлем чемпионатының трансляциясына авторлық құқықты бұзғанын айтты.
Азаматтық істі қарау барысында трансляцияны үй-жайды жалға алған ЖШС жүргізгені анықталды.
Соттың дауды реттеу бойынша жұмыстарды жүргізуі барысында тараптар бітімгершілік келісім жасасу туралы келісімге келді. Осының нәтижесінде ЖШС АҚ-ға 100 АЕК мөлшерінде өтемақы төлейтін болды, бұл 345 мың теңгені құрайды.
Ұйғарым заңды күшіне енді.