Halyq Uni логотип
×

Шымкентте күйеуінен зәбір көрген әйелдер полицияға арыз жазды

Нәзік жандарды жұбайлары үйінен балаларымен бірге қуып шыққан

 Дастан Жұмабекұлы 10.11.2023 | 16:23
Шымкентте күйеуінен зәбір көрген әйелдер полицияға арыз жазды
Фото: polisia.kz

Шымкент полициясына күйеуінен зәбір көрген әйелдер хабарласып, арыз жазды. Әйелдердің бірі жолдасының 2 баласымен үйден қуып шыққанын айтса, екіншісі 4 баласымен далада қалғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлады Otyrar.kz.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Жаңыл Спанова мен Әсел Төребай зардап шеккен екі келіншекке дер кезінде көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары балалар мен олардың анасын №3 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналастырып, оларға құқықтық және психологиялық кеңес берді, – деп хабарлады портал.

Қолда бар мәліметке қарағанда, олардың екеуін де күйеулері отбасылық жанжал кезінде балағаттап, үйінен қуып шыққан.

Осыдан кейін учаскелік полиция инспекторлары әйелдердің жұбайдаларына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сондай-ақ әйелдердің қауіпсіздігі үшін жолдастарына қатысты 30 тәулікке қорғау нұсқамасы шығарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама