×

ШҚО-да жол қызметінің 11 басшысы жауапқа тартылды

Тексеріс нәтижесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 150-ден астам ақау анықталды

 Динара Амантай 19.05.2022 | 10:24
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында жол қызметінің 11 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жолдың сапасын тексерген. Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 150-ден астам ақау анықталды. Мердігерлік жол ұйымдарының атына кемшіліктерді жою бойынша 200 ұйғарым жіберілді.

 Жолдарды ұстау бойынша бұзушылықтарға жол берген жол қызметтерінің 11 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде қала, ауылдық округ әкімдері, ТКШ бөлімдерінің басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мердігерлік ұйымдардың заңды тұлғалары бар, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Осы жылы полицияның ұсыныстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Өскемен, Семей қалаларында, Ақжар және Көкпекті кенттерінде 6 бағдаршам объектісін орнату және жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.

500 шақырымнан астам көшелер мен жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс орталығы мен Семей қаласының ең көп жүктелген 7 көшесі кеңейтілуге жатады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама