Halyq Uni логотип
×

Шымкентте тергеу изоляторында күдікті өзіне қол жұмсады

Ол көп қан жоғалтудан қайтыс болды

 Динара Амантай 19.05.2022 | 09:56
Шымкентте тергеу изоляторында күдікті өзіне қол жұмсады
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ИЧ-167/11 мекемесінде қамауға алынған күдікті өз-өзіне қол салды. Департамент мәліметінше, ер адам түнде тамырын кесіп тастаған.

1962 жылғы күдіктіге мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдаған. Ал жедел медициналық жәрдем бригадасы күдіктінің қан жоғалтудан қайтыс болғанын анықтапты.

Аталған факті бойынша департаментте қызметтік тергеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша қызметкерлер жауапқа тартылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, суицид түнде жасалған. Тергеу-қамауға алынған адам камерада өзіне жарақат салған соң, көрпеге оранып жатып қалған, – делінген департамент баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ ҚАЖД күдіктінің бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама