Halyq Uni логотип
×

Алматыда көшедегі дәретханадан табылған сәбиді баласыз отбасы асырап алды

Балалар үйіне келген әйел сәбиді көріп, көзіне жас алды

 Еркеғали Болатұлы 10.11.2023 | 10:57
Алматыда көшедегі дәретханадан табылған сәбиді баласыз отбасы асырап алды
фото: shutterstock.com

Былтыр Алматыда көшедегі дәретханадан табылған сәби басқа ата-анаға берілді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Балалар үйіне келген әйел сәбиді көріп, көзіне жас алды. Оны бірден алып кеткісі келді. Жаңа отбасы толық, отау құрғандарына көп жыл болған, бірақ балалары жоқ. Басқа қаладан келді, қорғаншылыққа алуды рәсімдеді. Биыл мамыр айында қамқорлыққа алды. Олардың толыққанды бақытты отбасына айналғанына өте қуаныштымыз. Олар бізге фотосуреттерін жіберді, көздерінен қуаныш көрдік, - дейді ведомстводағылар.

Еске сала кетсек, өткен жылы тамыз айында Алматы полициясы Түрксіб ауданында жаңа туған баланы дәретхана шұңқырынан аман алып қалған болатын. ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшыларына кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы ақпарат түнгі сағат 2-де түскен. Олар оқиға орнына барып, дәретханадан сәбиді тапты. Кейін дәрігерлер баланың қатты тоңып қалуы себепті жансақтау бөліміне жатқызғанын мәлімдеген-ді.

Биыл қаңтар айында сәбидің кәмелетке толмаған анасы сотталып, 8 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама