Қазір осы жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр
Атырау полициясына қала тұрғынынан бопсалау дерегі бойынша арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, Өзбекстанның 34 жастағы азаматы «интимдік жазбаларды таратамын» деп қорқытып, одан ақша бопсалаған.
Қазір осы жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел іс-шараларының нәтижесінде Атырауда бопсалаумен айналысқан азамат ұсталды. Ол Өзбекстанның 34 жастағы азаматы болып шықты. Полиция Қылмыстық кодекстің 194-бабы («Бопсалау») бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – делінген ресми хабарламада.
Жергілікті полицияның мәліметінше, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін.