Конституциялық сот та жұмысын бастауы тиіс
Қазір Конституциялық реформаға орай, енді кез келген азамат ешқандай партиялық тізімсіз-ақ Мәжіліс депутаты бола алады. Тек заңда көрсетілген талаптарға сай болса жетіп жатыр.
Алайда депутат уәдесінде тұрмаса, сайлаушылар оны мандатынан айыра алады.
Жалпы, 5 маусымда ел азаматтары Конституциядағы өзгерістерді қолдап дауыс берсе, келесі жылдан бастап Конституциялық сот та жұмысын бастауы тиіс. Оған кез келген заңды және жеке азамат жүгіне алады.
«Конституциялық соттың үлкен бір ерекшелігі – оған азаматтардың, заңды тұлғалардың, басқа да қоғам өкілдерінің жүгіне алуы. Әрбір Қазақстан азаматы белгілі бір дауды шешу кезінде қолданылатын заңның өзге де нормативтік-құқықтық актінің Ата заңның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан күмәні туындаған жағдайда тікелей Конституциялық сотқа жүгіну құқығына ие болады», - дейді Конституциялық кеңестің аппарат басшысы Бақыт Нұрмұханов.