Halyq Uni логотип
×

«Өз обалы – өзіне!»: билік оңай табыс үшін қаржы пирамидасына қатысатындарды аямақ емес

Алаяқтық әрекеттерді біле тұра жарнамалаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы арнайы заң жоқ

 Еркеғали Болатұлы 19.05.2022 | 09:27
«Өз обалы – өзіне!»: билік оңай табыс үшін қаржы пирамидасына қатысатындарды аямақ емес
фото: ашық дереккөз

Қаржы пирамидасын құрғандар қаржылық сауаты төмен бір ғана елордалықтардың 3 жарым милиард теңгесін иемденген. Қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша 10 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Интернет-кеңістікке мониторинг тұрақты жүргізіледі. Жыл басынан бері 7 ресурс анықталды. Телефондағы алаяқтықтың алдын алу үшін наурыз айында жаңа жоба іске қосылған болатын. Яғни енді кез келген қазақстандыққа бейтаныс нөмірден хабарласа алмайды. Өкінішке қарай, қазір бұл бастама белгілі себептермен тоқтап тұр», - дейді қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов.

Енді алдағы уақытта алаяқтан сақтануды ескертетін құралдарды қоғамдық орындарға орнату жоспарланып отыр. Алайда әзірге қаржы пирамидаларының алаяқтық әрекеттерін біле тұра жарнамалаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы арнайы заң жоқ. Сондықтан Мәжіліс төрағасының орынбасары Павел Казанцев пирамидаға қатысатын адамдарды да жауапқа тарту керек деп отыр.

«Егер адам оңай ақша үшін осындай жолға түссе, онда өз обалы өзіне! Ондай адамды не деп айтарымды білмеймін. Заң бойынша бірқатар өзгерістерді алдағы уақытта талқылауымыз керек. Себебі жарнама жасайтын блогер, өнер адамдары болсын, оларға қылмыстық іс қозғалуы тиіс», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама