Күдікті тергеу кезінде тамырын тіліп жіберіп, емделуге бармақ болған
Теміртауда 2 жасар өгей ұлын айуандықпен өлтірген ер адамның соты өтті.
Соттың анықтауынша, айыпталушы баланы биыл 21 наурызда мас күйде айуандықпен өлтірген.
Еске сала кетсек, баланың денесі қаладағы пәтерлердің бірінен 23 наурызда табылған болатын. Жүрек тұсындағы пышақ жарақаттарынан бөлек, оның қолы да сынған. Көп ұзамай, полицейлер сәбиді өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлады.
Баланың анасының айтуынша, ол күйеуінің ұсталған кезде қолы кесілгенін байқаған. Күдікті тергеу кезінде тамырын тіліп жіберу арқылы түрмеге түспей, емделуге бару үшін өзін аурушаң етіп көрсетпек болған.
Қазір қаскөй өмір бойына бас бостандығынан айырылды.