Қарағанды түрмесіндегі сотталғандарды қорлау: ҚАЖД басшысы түсінік берді (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Бұрыс ақпарат таратпау мақсатында құқық қорғау органдары мекемені барып тексерді

фото: видеодан скриншот

Қарағандыдағы түзеу мекемелерінің бірінде сотталушылардың құқығы бұзылған. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады.

Қарағанды және Ұлытау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №31 мекемеде тәртіптсіздік болды. Департамент басшысы соған қатысты түсінік берді.

Бұл факті бұрын болған. №31 мекемедегі қызметкерлер мен сотталғандар арасындағы заңсыз әрекеттерге қызметтік тергеу жүргізілді. Қызметкерлер жауапқа тартылды. Бұрыс ақпарат таратпау мақсатында құқық қорғау органдары мекемені барып тексерді. Сонымен қатар ҚАЖД басшысы сотталғандардың туыстарымен кездесу өткізді. Қазір жағдай тұрақты, мекемеде бақылау жүргізіліп тұрады, - деді департамент бастығы Бекболат Шәкіров.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан қызметкерлердің сотталушыларды мәжбүрлеп, еден жудырып жатқанын көруге болады.