Halyq Uni логотип
×

Абай облысында аудан әкімдігінің есепшісі сотталды

Ол өз кінәсін мойындады

 Динара Амантай 09.11.2023 | 12:21
Абай облысында аудан әкімдігінің есепшісі сотталды
Фото: Halyq Uni

Абай облысында аудан әкімдігінің есепшісі сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданы жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды.

Биыл 15 шілдеде аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды. Тергеу аяқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша («Қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау») есепшіге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Істі қарау аудан орталығы мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді. Онда сотталушы өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді, – делінген прокуратура хабарламасында.

12 қазанда сот үкімімен есепші 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама