Антикор құрылыс-монтаждау жұмыстарынан бірқатар кемшіліктерді анықтады
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жасау барысында «Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің ғимаратына аяқталмаған күрделі жөндеуді қабылдау фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мониторинг барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуы, металл қақпалардың болмауы; плиткаларды төсеу технологиясын сақтамау; су өлшегіш торапты орнату кезінде коррозияға қарсы іс-шаралар технологияларының бұзылуы; ғимараттың периметрі бойынша материалдың беттік бұзылуы бөлігінде және басқа кемшіліктер анықталды, – делінген Антикор хабарламасында.
Департаменттің ұсынысымен «Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің тапсырыс берушісі ӘҚБтК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.