×

Келесі жылы ауыр жұмыс істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлем ала алады

Арнайы төлемнің орташа мөлшері 200 мың теңгені құрайды

 Дәурен Ерболат 08.11.2023 | 17:34
көрнекі фото: Қарағанды облысы әкімдігі

2024 жылдан бастап денсаулығына зиянды жағдайда жұмыс істейтін 37 мың жұмысшыға арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жалпы елімізде 1400 кәсіпорын бар. Олар арнаулы әлеуметтік төлем төлейтін болады. 2024 жылы 55 жастан шартты түрде зейнетке яғни арнаулы төлем алу құқығына 37 мың адам ие болады. Олар денсаулығына зиянды орындарда жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – тау-кен және өнеркәсіп қызметкерлері, - деді министрдің орынбасары.

Вице-министр жұмыс берушілерде денсаулығына зиянды орындарда еңбек ететіндердің тізімі барын айтты.

«Жұмыс беруші заң бойынша оларға жалақының үстінен төлем төлеуге, жұмыс уақытын қысқарту мен қосымша еңбек демалысын беруге тиіс. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясын алсақ, компания қызметкерлерінің 83 пайызы зиянды жағдайда жұмыс істейді», - деді Ақмәди Сарбасов.

Вице-министр арнаулы әлеуметтік төлем қандай жағдайда төлетінін түсіндірді. 55 жасқа толған, денсаулығына зиянды еңбек жағдайын жұмыс істеген және 7 жылдық өтілі бар жұмысшылар жаңа төлемді алуға құқылы.

Бұл адамдарға жұмыс орнынан кеткен жағдайда да арнайы төлем төленеді. Ол мүлдем жұмыс істемесе де болады. Ол әрбір қызмкеткердің өз таңдауы болады, - деді ол.

Ақмәди Сарбасов арнаулы төлемнің мөлшерін айтты.

«Арнаулы әлеуметтік төлемді алуға жұмысшының құқы бар. Оның орташа мөлшері – 200 мың теңге. Мысалы, жұмысшылардың табысын ескеріп, жеке алайық. Оларда жоғары еңбекақы төлеуді көздейтін еңбек кепілдігі бар. Бұл жағдайды (арнаулы әлеуметтік төлемнің) мөлшері 300 – 400 мың теңгеден жоғары болуы мүмкін.

Егер кәсіби еңбекке қабілетінен айырылды деп алсақ, әрине, оған қосымша төлем мөлшері қосылады: әлеуметтік сақтандыру қоры, сондай-ақ өмірді сақтандыру компаниясы тарапынан», - деді вице-министр.

Арнаулы әлеуметтік төлемді енгізуді көздейтін заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама